Спорт • 12 Сәуір, 2023

Жәмила Бақбергенова күрестен Азия чемпионы атанды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астана қаласында әйелдер күресінен Азия чемпионатының екінші ойын күнінде Жәмила Бақбергенова (72 келі) чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәмила Бақбергенова күрестен Азия чемпионы атанды

Жәмила финалда жапониялық Сумире Никураны қапы қалдырды.

Ол бұған дейін тайпейлік Хунг Пин-ценд және моңғолиялық Даваансан Енх Амарды жеңді.

Айта кетсек, құрлықтық додада бүгін ел құрамасынан Нилуфар Раимова қола жүлде алды.

Еске салсақ, әйелдер күресінен жарыстың алғашқы күнінде ел құрамасынан Эльмира Сыздықова (76 келі) чемпион атанса, Марина Седнева (55 келі), Елена Шалыгина үздік үштікті түйіндеді.