Инфляция • 12 Сәуір, 2023

Дәлізде адасқан инфляция

509 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде қалдырды. Осылайша, инфляциямен жоғарғы база арқылы күрес жалғаса бермек. Біз ғана емес, әлемнің алпауыт елдері инфляцияға пайыздық мөлшерлемені қалқан ете бастады. Бұл инфляцияны тұрақты өсіммен емес, қымбат ақшамен ұстауға шешім қабылданғанын байқатады.

Дәлізде адасқан инфляция

Коллажды жасаған Алмас МАНАП, «EQ»

2022 жылы тауар, қаржы және қор нарық­­тары дәл осындай құбылмалы жағ­дай­ды бастан кешкен болатын. Баға, қор­ индекстерінің бір қызарып, бір­ сұр­лан­ғанын әлі ұмытқан жоқпыз. Баға бір түс­ті, бір көтерілді. Мұнайдың әлем­дік­ баға­сы 127 доллардан 140 долларға дейін кө­те­рілді, теңге мен рубль дәлізі де осын­дай­ құбылмалықты бастан кешті.

Сарапшы Рамазан Досовтың айтуын­ша, инфляция болжамында бұл фактор­ әлі ескерілген жоқ. Бірақ соған қара­мас­тан Ұлттық банк пен Үкіметке ин­фля­ция­­ны екі есе, кем дегенде 10 па­йызға де­йін төмендетуге тапсырма берілді. Жа­нар­жағармай нарығындағы жаңа баға бұл­ тапсырманың орындалуын қиын­­датайын деп тұр. Демек Ұлттық банк­ пен Үкімет мүмкіндігінің қандай еке­нін алдағы екі-үш айда көретін боламыз.

Сарапшы айтып өткендей, «ОПЕК+ ел­дері соңғы шешімі арқылы өздерінің кіріс­терін қолдауға шешім қабылдап отыр­. Егер инфляция төмендесе, бұл ұсы­ныстың нарыққа әсері аз болар еді.­ Инфляцияның қазіргі деңгейі экономи­ка­ның алға жүруін ғана емес, шикізат көзіне деген қажеттілікті тежеп тұр.

Р.Досов бұл жаңалықтың бізге әсері терең зерделеуді қажет екенін айтады. Өткен жылы құбырға қатысты мәселелер біраз жоспарымызды бұзып жіберді.

Бірақ соған қарамастан ОПЕК+ келі­сі­мін асыра орындадық. Егер алдағы уа­қытта мұнай бағасы қымбаттаса, ішкі нарық­та аса көп өзгеріс бола қоймайды. Арзан­даса, ішкі жалпы өнімді ғана емес, бюд­жет кірістерін де қайта қарауға тура келе­ді. Ендігі түсім мұнай бағасына, Ұлт­тық қордан қандай көлемде қаражат ала­ты­нымызға тікелей байланысты. Қазіргі жағ­дайға болжам жасаудың мүмкін еместігін сарап­шылардың бәрі айтады. Ал жанармай баға­сының қымбаттауы инфляция деңгейін біз ­қалаған көріністе қабылдаудың мүмкін еместігін байқатып қойды.

«Сәуірде базалық мөлшерлеменің өзге­руі екіталай, ал мамырда инфля­ция­ның­ не болатынын көреміз. Бірнеше айға бол­жам жасау қиын», деді сарапшы.

Наурыз айы мұнайдың әлемдік баға­сының төмендеуімен есте қалды. Нау­рыз­да ұлттық валютамыз доллар мен еуро­ дәлізінде аздап сыр берді, ал рубльге­ қатысты ұстанымы күшейді. Жалпы,­ наурызда тек біздің теңге емес, ЕАЭО-дағы сауда серіктестеріміздің де валю­талары сыр берді. Инфляция дең­ге­йінің төмендемеуіне осы фактор да әсер етті.

2022 жылы тауар, қаржы және қор нарық­­тары дәл осындай құбылмалы жағ­дай­ды бастан кешкен болатын. Баға, қор­ индекстерінің бір қызарып, бір­ сұр­лан­ғанын әлі ұмытқан жоқпыз. Баға бір түс­ті, бір көтерілді. Мұнайдың әлем­дік­ баға­сы 127 доллардан 140 долларға дейін кө­те­рілді, теңге мен рубль дәлізі де осын­дай­ құбылмалықты бастан кешті. Ресей­ рублі мен теңгенің бағамында жоға­ры­ құбылмалылық байқалды. Ресей­­дің Ук­раи­на аумағындағы арнайы­ әскери опера­ция­сы теңге-рубль баға­мы­на әсер етті. Ал биыл­ оның нарыққа әсе­рі айтарлықтай төмен­дегенін сарап­шы­лардың бәрі айтады.­ Теңге мен рубль арасындағы ойын ережесінің өзге­руіне елдің рубль мен теңгенің өзара кон­вертациялануы туралы келісімнен шы­ғуы­ себеп болғанын бәріміз біліп жүрміз.

Осы жылы мұнай нарығындағы ең маңызды оқиға – көмірсутектерге баға­ның­ төмендеуі. Лондон тауар биржасында қаң­тарда Brent мұнайының саудасы 85 доллардан жоғары, ақпанда барреліне 80 доллардан жоғары аумақта өтті.

Наурыздың басында эталондық бренд­тің­ баға белгілеулері бұрынғы дең­гейде қал­ды, содан кейін тіпті бар­ре­ліне 86-87 дол­лар деңгейіне дейін кө­терілді. На­рық­­тағы жағдай бірінші онжыл­дықтың соңын­да­ нашарлай бас­тады. Айдың ортасында­ мұ­най баға­сы­ барреліне 80 долларды құрай­тын пси­хо­ло­гиялық маңызды белгіні ең­серді.

Оған америкалық банктің банкротқа ұшы­­рауы жанармайға деген сұранысқа әсер­­ ететін қаржылық дағдарыс туды­руы­­ мүмкін деген қауіп себеп болды. Мұ­най баға белгілеулеріне қысым жаса­ған тағы бір фактор – АҚШ-та пайыз­дық мөлшерлеменің көтерілуі. Бірне­ше айдың ең жоғары шегіне жет­кен баға қалпына келе бастады. Ай­дың­ соңына қарай, 29 наурызда бұл мар­ка­лы мұнайдың баға белгіленімі бар­реліне 80 долларға жақындады. Сарап­шы­лар­дың пікірінше, бағаның екі апта­да­ғы­ ең жоғары деңгейге көтерілуіне АҚШ-тағы қорлардың қысқаруы және Ирак­тан мұнай жеткізудегі үзіліс туралы­ жаңалықтар әсер етті. Сосын баға­лар сәл төмендеді, содан кейін олар қайта­дан жоғары қозғалысты көр­сетті және­ наурыздың соңғы күніндегі сау­­да барреліне 80 доллар­дан сәл ғана­ аяқталды. Наурызда ішкі ва­лю­та­ нары­ғын­дағы жағдай теңгенің не­гіз­гі­ сау­да­ әріп­тестерінің валюталар­ына қатыс­ты­ жоға­ры және төмен бағамындағы ай­тар­лық­тай елеулі өзгерістерімен сипатталды.

Айдың басы теңгенің нығаюымен басталды. Үш күн ішінде доллардың орташа сараланған бағамы мұнайдың айтарлықтай жоғары әлемдік бағасы жағдайында бірден 14,6 теңгеге түсіп, 431-ден сәл жоғары деңгейге жетіп, көп айдағы ең төменгі деңгейге жетті. Бұл ретте еуроның ресми бағамы ақпан айының соңындағы 473,80 теңгеден 457,29 теңгеге дейін төмендеді. Осыдан кейін нарықта доллар мен еуро бағамының өсуі қайта жанданды және мұнай бағасы айтарлықтай жоғары болған кезде олардың позициясын нығайту үдерісі басталды. Наурыздың ортасында негізгі әлемдік валюталардың айырбас және ресми бағамы айлық максимумға жетіп, сәйкесінше 466 және 496 теңгеден асты. 10 жұмыс күнінен аз уақыт ішінде долларға қатысты 35 тең­ге­­д­ен астам, еуроға қатысты 39 теңгеге дерлік әлсіреген ұлттық валюта доллар­ мен еуроға қатысты шығынның бір бө­лі­­гін қайтара алды. 29 наурыздағы дол­­лар­дың орташа сараланған бағамы 449 тең­ге­ден төмен түсіп, айдың соңғы күніндегі кешкі сауда 452,70 теңгемен аяқталды. Нәтижесінде, наурызда доллар бағамы 7 теңгеден сәл артық көтерілді, ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы нығаю қарқыны наурызда ақпандағы 3,7 пайыздан 2,15 пайызға дейін төмендеді.

Ал еуроның ресми бағамы наурыз­дың­ соң­ғы күнінде ақпан айының соңы­мен салыс­тырғанда 13 теңгеге жуық­ көтеріліп, 486,58 теңгені құрады. Теңге­нің­ еуроға шақ­қандағы нығаю қарқыны өт­кен айдағы шама­мен 3,5 пайыздан 1 па­­йыз­­ға дейін төмендеді.

Рас, наурыздағы орташа есеппен­ еуро­ның, сондай-ақ америкалық валю­та­ның ресми бағамы ақпандағы 484,81 тең­гемен салыстырғанда 480,57-ге дейін­ төмендеді. Дәл осындай көрініс тағы­ бір негізгі сауда серіктесінің валю­тасы – Қытай юаніне қатысты да бай­қалды. Басқа сценарийде рубль-тең­ге­ бағамының динамикасы дамыды. Ресей валютасының ішкі нарықтағы рес­ми бағамы бір ай ішінде 5,72-6,14 тең­ге аралығында өзгерді. Рубльдің құн­сыз­да­нуы айдың басында шарықтау шегіне жет­ті. Дегенмен теңге-рубль дәлізіне рубль­дің АҚШ долларына шаққандағы құны да әсер етті.

Наурызда доллар бағамы шамамен­ 75 рубльден 77 рубльге дейін көтерілді. Ұлт­тық банк 31 наурызға белгілеген жұп­тың ресми бағамы 5,82 теңге болды. Алғаш­қы тоқсанның қорытындысы бойын­ша ұлттық валюта рубльге қатыс­ты­ 9,5 пайызға дерлік нығайды. Орташа алған­да наурызда рубльдің ресми бағамы да­ төмендеп, ақпандағы 6,20 теңгемен салыс­тырғанда 5,92 теңгені құрады. Нау­рызда теңге бағамының жылдамдауы тек Ресей билігі қалаған деңгейге жеткен рубльдің АҚШ долларына шаққандағы әлсіреуімен байланысты болды. Әлемдік валюта нарықтарындағы жағдайға келетін болсақ, екі негізгі валюта арасындағы бәсекелестік негізінен 1 еуро үшін 1,056-1,092 доллар аралығында болды.

Доллар құнының әлсіреуі наурыздың бірінші онкүндігінде байқалса, оның бағамының көтерілуі айдың соңғы күнінде төмендеді. Банк секторының проблемалары әлемдік валюталардың айырбас бағамының қалыптасуына әсер етті. Америкалық және швейцариялық банктерден кейін наурыз айының соңында ең ірі неміс банктерінің бірі проблемаларға тап болды, бұл әлемдік банк секторындағы жағдайды ушықтырды. Наурызда теңгенің негізгі әлемдік валюталарға қатысты орташа бағамының күш алуы инфляцияның кері шегінуіне себеп болуы әбден мүмкін.

Ресми статистикаға сәйкес, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың баға­­сы мен халыққа қызмет көрсету тариф­­­тері өткен айда 0,9 пайызға көте­ріл­­ді. Жылдың алдыңғы екі айында өсу­­ деңгейі 1 пайыздан жоғары болды.­ Нау­рызда азық-түлік тауарлары 1,1 пайыз­ға, азық-түлікке жатпайтын тауар­лар­­ мен тарифтер, халыққа қызмет көр­сету бағасы бір айда 0,8 пайызға қым­баттады. Соңғы 12 айда азық-түлік та­уар­лары көпшілігінің бағасы ресми де­рек­терге қарағанда ондаған пайызға өскен.

Азық-түлік және азық-түлік емес тауар­ларға бағаның ең жоғары өсу қар­қыны 77,5-тен 49,5 пайыз дәлізінде тер­бе­ліп тұрды. Тазартылған қант, сабын, кеңсе тауарлары, пияз, ыдыс жууға арнал­ған жуғыш заттар, кептірілген өрі­к бағасында да өзгерістер болды.­ Басқа да көптеген тауарлар мен халық­қа­ көрсетілетін ақылы қызметтер баға­сы­ның өсуін статистика мамандары да жоғары деңгейде бағалайды.

Сонымен қатар қырыққабат бағасы­ның жылдық мәнде айтарлықтай төмен­де­уі тіркелді. Наурыз айындағы ста­тис­тика­ баға саласындағы жағдайдың бір­шама жақсарғанын көрсетеді. Бұл ретте ин­фляция жылдық мәнде өткен жылдың нау­рыз айымен салыстырғанда (12,0 пайыз) бұрынғысынша айтарлықтай жоғары. Үкіметтің бағаны ұстап тұру әрекетінің тек аспириндік әсері барын сарап­шылардың бәрі айтады. Ең басты­ фактор баға конъюнктурасының жақ­са­руы экспорттық түсім ағынының ұлғаюы ық­пал ете алады.

Дегенмен мұнайдың әлемдік бағасы Қазақ­стан үкіметінің болжамынан (бар­реліне 85 доллар) және өткен жылдың қаң­тар-наурыздағы нақты құнынан төмен болып қалып отыр.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша­ биыл инфляция 7,5-9,5 пайызға дейін тө­мендейді деп болжанған. Бас банктің бол­жамынша, инфляция астық пен азық-түлік­ке әлемдік бағаның төмендеу арқы­лы тежеледі. Алайда бүгінгі таң­да­ бұл дәліздің жоғарғы шекарасына­ же­ту қиын сияқты. Ол үшін орташа ай­лық инфляция деңгейі жыл соңына де­йін 0,7 пайыздан төмен болуы керек.­ Сон­дықтан шенеуніктер мәселені ескі жол­мен шешетін сияқты. Олар жай ғана­ өз болжамдарын жоғары қарай қай­та қарайды. Осылайша, өткен жыл­дың желтоқсан айында Ұлттық банк­ биылғы инфляция болжамын 11-13 пайызға дейін көтерді. Тұтыну нары­ғындағы бағаның өсуіне, әрине, шетел нары­ғын­дағы жағдай себеп деп жылы жауып қойып, ақталып алуымызға болмайды. Тең­генің негізгі әлемдік валюталарға қатысты құнсыздануы және отандық өндірілген көптеген тауарлардың ішкі нарықта шектелуі, сондай-ақ бағаның тұрақталуына кедергі келтіретін факторлар жетеді. Елдегі инфляция көпжылдық ең жоғары деңгейге дейін көтеріліп, кері шегінуге жол таба алмай жатыр.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20