05 Шілде, 2014

Тағайындаулар

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды; Асқар Ахметұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды; Әбдірашит Төлегенұлы Жүкенов Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Хроника Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазы­ханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Айбар Жиреншеұлы Боданов Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.