Ауа райы • 14 Сәуір, 2023

Бірқатар облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 8 учаскесінде жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАвтожолдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірқатар облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды

Ақмола, Ақтөбе және Павлодар облыстарында автожолдар жабылды.

Ақмола облысындағы жол қозғалысына шектеу енгізілген күре жолдар:

— «Екатеринбург-Алматы» тасжолында Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейін;
— «Жақсы-Есіл-Бұзұлық» тасжолында Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін;
— «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолында Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
— «Жезқазған-Петропавл» тасжолында Қостанай облысы шекарасынан Знаменка ауылына дейін;
— «Екатеринбург-Алматы» тасжолында Атбасар қаласынан Астраханка қаласына дейін.


Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар аралас жаңбыр, жел) көліктің барлық түрі үшін «Ақтөбе-Орск» тасжолының Ш.Қалдаяқова ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығында жол қозғалысы уақытша шектелді.


Павлодар облысында төмендегі күре жол бөліктері жабылды:
— «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы;
— «Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағанды облысының шекарасынан Павлодар қаласына дейінгі аралықта қозғалыс шектелді.