Ауа райы • 17 Сәуір, 2023

Үш күнге арналған ауа райы болжамы

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 18-20 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

18 сәуірде шығыста - қалың қар, 18-19 сәуірде оңтүстік-шығыста кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

«18-20 сәуірде солтүстік-батыс антициклонның әсерінен Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы 7-15 градус аязға дейін төмендейді. Батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде аяз болып, тәуліктік температура біртіндеп көтеріледі», делінген хабарламада.

Барлық облыста жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста көктайғақ болып, қар жауады.