Өнер • 18 Сәуір, 2023

Рухани астананың тарихи бейнесі

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқушылар сарайының ЮНЕСКО клубы Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдық мерейтойына орай қылқалам шеберлері және кәсіби, әуесқой фотографтар арасында ұйымдастырған «Көне мен келешек көпірі» атты халықаралық байқау мәреге жетті.

Рухани астананың тарихи бейнесі

Түркістанның тарихи ма­ңызын ашып, дарынды жастар шығар­ма­шылығына қанат бітіріп, ұлттық құн­дылықтарға деген ерекше құрметін, елжан­дылық, отансүйгіштік сынды патриоттық сезімдерін қа­лып­тастыру, әуесқой фото­­граф мамандығына жол ашу мақ­сатындағы бай­қауға қаты­су­шылардың жас ерек­шеліктеріне шектеу қойыл­мады. Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанның тарихы мен бүгінгі көрінісі бейнеленетін туындылар қа­былданған өнер байқауы «Этно­ауыл» қалашығында қоры­тын­дыланды.

Байқауға Түркістан, Қы­зыл­орда облыстары мен Ал­маты, Орал, Аты­рау, Ақтау қа­лалаларынан 30-дан астам фото­граф пен суретші қа­тыс­­қан. Ережеге сәй­кес байқаудың ма­рапат­тау салтанаты екі бағытта өт­кізілді. Біріншісі – көне және жаңа Түр­кістан кө­рінісінен сыр шертетін фото­­суреттер болса, екіншісі – ру­ха­­­ни астананың келбеті бей­­неленген картиналар. Нә­тижесінде, «Фотосурет» аталымы бойынша Серік­болсын Шері жеңімпаз атанса, Асыл Жұмаханов екінші, Антон Лищенко мен Ұлпан Әбдірахман үшінші орынға ие болды. Ал «Қылқалам ше­берлері» аталымы бо­йын­ша Темірбек Нұрмашев же­ңім­­паз атанды, Мұрат Ша­ханбаев екінші және Се­рік Қинабаев пен Ержан Рысым­бетов үшінші орын иеленді. Жеңімпаздар мен жүл­де­герлер арнайы Алғысхат және қаржылай сый­лықпен ма­рапатталды.

 

ТҮРКІСТАН