Дін • 21 Сәуір, 2023

Шәууәл оразасының сауабы қандай?

888 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шәууәл оразасының сауабы қандай?

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім рамазан айының оразасынан соң, артынша шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады» деп, бұл айда ұсталатын  оразаның мол сауабымен сүйіншілеген (Мүслим).

Бұл ораза сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша түсіндіруге болады. Құранда «Әнғам» сүресінің 160-аятында: «Кімде-кім Алланың алдына бір ғана жақсылықпен келсе, оған сол жақсылығы үшін он есе сауап жазылады» делінген. Ғалымдар шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын осы аятпен байланыстырады.

Рамазан айындағы отыз күн мен шәууәл айындағы алты күн қосылғанда, отыз алты күн болады. Бұл сан он есеге көбейтілсе, үш жүз алпыс күнді құрайды. Бір жылдың қалған бес күні ораза ұстауға болмайды: Рамазан айтының алғашқы күні мен Құрбан айттың төрт күні. Оразаның әрбір күні он есе молайса, онда отыз алты күндік оразада бір жыл ауыз бекітудің сауабы бар деген сөз.