Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте найзағай ойнайды. Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстікте тұман, ал оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.
Ақмола облысының батысында найзағай, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Астанада соғатын жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел соғады.