Қоғам • 24 Сәуір, 2023

Биыл Жеңіс күніне арналған әскери шеру өте ме?

1 мин
оқу үшін

Биыл Қазақстанда әскери шеру өткізу жоспарланбаған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Биыл Жеңіс күніне арналған әскери шеру өте ме?

Қорғаныс ведомствосы әскери шеруді өткізу «бюджет қаражатын үнемдеу есебінен, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты» жоспарланбағанын түсіндірді.

«Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының талап етілетін деңгейін қолдау басым болып саналады», делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі уақытта қорғаныс ведомствосы әскери-патриоттық іс-шараларды, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеуді, соғыста қаза тапқан Қазақстан жауынгерлерін еске алу шараларын БАҚ-та жариялауды жоспарлап, өткізуде.

«7 және 9 мамырға орай ұйымдастырылатын іс-шараларды өткізу туралы ақпарат министрліктің ақпараттық ресурстарында жарияланады», деп қосты министрлік өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

Жалған жаланың құрбаны

Қоғам • Бүгін, 14:12

Алаш арысының адал жары

Қоғам • Бүгін, 14:03

Ардақты есімге лайық ұлан

Қоғам • Бүгін, 13:50