Райымбек ауданы Сарыбастау ауылының маңайында мал жайып жүрген тұрғын түз тағысын көрген бойда аудандық полиция бөлімшесіне хабар берген. Сөйтіп, «Қызыл кітапқа» енген аңға асқан ептілікпен шалма салып, ұстап алған.
Қар барысын қолға түсірген жерге дереу орманшылар мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жеткен.
– Ветеринар мамандар «Қызыл кітапқа» енген аңның әлсірегенін көріп, Алматы хайуанаттар бағына жеткізді. Қазір қар барысы зообаққа орналастырылды. Оның жағдайы зоология институты мамандарының қадағалауында, – деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Нұрлан Орманбеков.
Алматы облысы