Қылмыс • 26 Сәуір, 2023

Әлімжеттіктің әуресі

525 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Саты ауылында екі бірдей қайғылы оқиға болды. Ауылдағы орта мектептің 10-сыныбында оқитын екі оқушының бірі әлімжеттіктің құрбаны болса, екіншісі «Мені досымның жанына жерлеңдер» деп тілімдей хат жазып қалдырып, сыныптас досының артынан өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды.

Әлімжеттіктің әуресі

Кеген аудандық білім бө­лі­мінің бас маманы Дархан Бек­батыровтың мәлімдеуін­ше, ауданда 32 мектеп жұмыс істейді. Оның 21-і – орта, 4-еуі – негізгі, 7-еуі бастауыш­ мектептер. Мұнда жалпы­ са­ны 5140 оқушы білім ала­ды. Кеген ауылындағы Сәдуа­­қас Серкебаев атындағы мек­теп-гимназия және Жала­ңаш ауы­­лындағы Сәрсенбай Бей­сен­бетұлы атындағы орта мектептер аралас мектепке жатады. Басқа аудандардағы сияқ­ты бала санының тығыздығы мен мектеп тапшылығы жоқ. Аудандағы мектеп оқушылары арасында қазақы тәрбиенің қаймағы бұзылмаған ауылда жантүршігерлік оқиғаның қалай болғанын тұрғындар да түсіне алмай әлек. Әсіресе тентегі болса тезге салып, ел ішіне іріткі түспеуін тілейтін ауыл ақсақалдарының жанын күйзелтіп, арқаларын аяздай қариды.

«Ауылымызда 250 түтін бар. Негізінен байырғы тұр­ғын­дар. Арасында атажұртқа кел­ген қандастарымыз да бар. Бұрын-соңды мұндай жа­ман атқа ілікпеген едік. Ауылдас­тарымыздың ауыз­бір­шілігі мен ырыс-ынтыма­ғы жарас­қан, бір атаның баласындай бауырмал, көпшіл, еңбек­қор елдің ұр­пағы өсіп-өніп отыр. Аяқасты бол­ған оқиға бәрімізді есеңгі­ретіп отыр. Болған іске болат­тай берік бо­лып, бұдан әрі мұн­дай сұм­дық жағдайға жол бермеу­ге тұрғындардың әр­бі­рін шақырамыз. Баланың тәр­биесін босаңсытуға бол­­май­­ды. Оның бойындағы мі­нез-құлықтың қалыптасуы мен жүріп-тұруын ата-ана әр ­кез назарда ұстап, қадағалап отыр­­ғаны абзал болар еді. Кім баласын жаманшылық­қа ­­қия­­ды? Бір білместік орын алды», деп кейіді Саты ауыл­дық ақса­қал­дар кеңесінің төр­ағасы Есбол Рысбаев.

Саты ауылындағы сұм­­­дық оқи­ғаға байланыс­ты А.Түр­­­­ке­баев атындағы мек­­теп-ли­
­цейдің директоры Ба­зар Мом­бековпен телефон ар­қылы тіл­дескеніміз­де: «Мек­те­бімізде бұзақылық бо­йын­ша есепке тіркелген бала бол­маған еді. Өкінішке қа­рай, орны толмас қайғылы жағдай болды. Бұл балалар­дың тәртібі мен оқу үлгерімі жақсы болатын. Бұған дейін теріс әрекеттерін көрмедім. Олардың сол күні судың жа­ғасына барғаны рас. Бірақ әлім­жеттіктің болған-болма­ға­­ны сот-медициналық са­рапта­мадан соң белгілі болады», деп жауап берді.

Ал оқиға орын алған кү­ні жасөспірімнің өліміне кінә­лі деген айыппен 11-сынып оқу­шысы күдікті ретінде ұс­тал­ған. Жалпы, облыстық по­­ли­ция департаментінің мә­лі­метінше, жыл басталғалы өңір­де 9 оқушы өз өмірін қи­ған. Олардың екеуі Талғар ауданында болса, Жамбыл, Кеген, Іле аудандарында бір-бірден, Қарасай ауданында қаңтар­дан бері 4 оқиға тіркелген. Оның екеуі Әйтей ауылындағы Қосынов орта мек­тебінің оқу­шылары болса, екі оқиға Ша­малған мен Тұрар ауылдарында тіркелген.

«Жыл басынан бері Ал­ма­ты облысында 9 суицид, 3 өзі­­не-өзі қол салуға ұмтылу фак­­тісі тіркелді. Соның ішінде бір ғана Қарасай ауданында ­4 өз-өзіне қол жұмсау оқиға­­сы бо­лып отыр. Осындай қай­ғы­­­лы жағдайдың алдын алу мен ба­лаларға психологиялық кө­мек көрсету, денсаулығын жақ­­сарту мақсатында білім бас­­қармасы бекіткен кешенді іс-ша­ралар жоспары әзірленіп, об­лыс әкі­мі жанындағы бала­лар құқы­ғын қорғау жө­нін­де­гі уәкілмен бірлесе оты­рып, бұл ба­ғыт­та­ғы жұмыс­тар ат­­­қа­­ры­­лып жа­­тыр. Аудан­дар­­­­дағы бар­лық мек­тепте­гі ба­­ла­лардың қаты­­суы­мен жа­­сы­рын сауалда­­ма­лар толтырылады. Нәтижесінде, қызыл аймақ, сары аймақ, жасыл аймақтар бойынша қан­ша бала қай аймаққа жататы­нын анықтап, қызыл мен сары аймаққа жататын балалар­­мен тікелей жұмыс жүргізіле­ді. Жылына екі рет облыс­тық про­­куратура, ювеналдық по­ли­ция қызметкерлері мен қо­­ғам­дық ұйымдар, ата-аналар кеңесі, колледждер мен бі­­лім бөлімі басшыларының қатысуымен жиын өткізіп, күй­зеліске ұшыраған балаларға психологиялық көмек көрсету тақырыбында алқалы кеңес өткізіп келеміз. 2018 жылы осындай жан шошырлық жағ­дайлар көбейіп кеткен еді. Со­ған орай Талғар ауданынан басталған қанатқақты жо­ба нәтижесінде өз-өзіне қол жұм­сау әрекеті төмендеген бо­ла­тын. Жұмыс жүрмей жат­­­қан жоқ емес. Педагог-пси­­холог­тер оқытылып, тәжі­­ри­­белерін дамытуда ар­найы се­­­минарлар мен дөңге­лек үс­­­тел­дер өткізі­ліп жатыр», дей­­ді Алматы облысы білім бас­­қармасы бас­шысы­ның орын­­басары Гүл­сара Тастан­дықызы.

 

Алматы облысы