Қоғам • 26 Сәуір, 2023

Венгр қызы: Қазақстанға қазақ тілін үйрену үшін көшіп келдім

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ мәдениетін зерттеп жүрген шетелдік қыздың ерекше оқиғасы таңғалдырды. Ол қобыз аспабында да жақсы ойнайды. Шетелдік азамат тіл үйрену үшін Түркістанға келіп, ұлттық аспаптарда ойнаудың қыр-сырын меңгере бастағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Венгр қызы: Қазақстанға қазақ тілін үйрену үшін көшіп келдім

Венгр қызы Фехер оның сөзіне басқалардың таңғалатынына үйреніп қалған. Өйткені ол негізінен қазақ тілінде сөйлейді.

«Ұлттық аспап қобызға 2014 жылы қызыға бастадым. Сол кезде «Тұран» ансамблінің өнерін көрдім. Бұл маған қатты әсер етті. Содан бері қазақ мәдениетіне ғашық болдым. Мен өз елімде қобыз тарту еткен ансамбльде өнер көрсеттім. Мен аспапты оңай меңгердім, өйткені мен виолончельде ойнай аламын. Кейін Мақсат Медеубектен онлайн сабақ алдым», деді Фехер.

Қазір талантты ару Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ұлттық музыка мамандығы бойынша білім алып жатыр. Ол музыкалық аспаптарда жақсы ойнап қана қоймайды, сонымен қатар бірнеше тілде еркін сөйлейді. Мектепте оқып жүргенде ағылшын, неміс, орыс және түрік тілдерін үйренген.

«Мен Қазақстанға қазақ тілін үйреніп, қобыз аспабын меңгеру үшін көшіп келдім. Менің ұстазым Ерасыл Қауымбаев. Ол маған домбыра тартуды да үйретеді. Бірақ домбыра тартуды үйренемін деп ойламаппын. Дегенмен үйреніп жатқаныма өте қуаныштымын. Әр нәрсенің өз артықшылығы бар дейді», деді венгр қызы.

Багларка Фехердің ән жазатын таланты да бар. Ол қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілік туралы «Дала сыры» әнін жазған-ды.