Пікір • 26 Сәуір, 2023

Бейбітшіліктің берік қамалы

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясы да түрлі этностар­мен өзара іс-әрекеттестік тұрғысынан бірқатар реформа жа­сап, қа­жет­ті шешімдерді қабылдап келеді. Кейбір жағдайда проб­лема­лар­ды креативті формада шешудің реті келіп тұр.

Бейбітшіліктің берік қамалы

Бұл нені білді­ре­ді? Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі күні креа­­тивті индустрияға басым көңіл бөлу керектігін айтқан болатын. Қо­ғам­да түрлі проблемалар, тосын жағдайлар болып жатады. Біз олар­ды ше­шуге ат­салысып қана қоймай, бүкіл қоғам, соның ішін­де жас­тар, бәрі­міз жұмылу керектігін қарапайым әрі тартымды тілмен халыққа жеткізе білуіміз керек.

Бұрын Сенатта ҚХА атынан 9 депутат бар еді, референдум мен реформалар нәтижесінде бұл сан 5 адамға дейін қысқарды. Көп адам неліктен бұлай болғаны туралы сұрап жатыр. Менің айтатыным, бұл Ассамблеяның ұстанымы әлсіреп қалды деген сөз емес. Біз, ең біріншіден, Сенатқа өттік, яғни керісінше үлкен мәртебеге ие болдық. Мәжілісте де ҚХА атынан сайланған 10 депутат бар. Бір сөзбен айтқанда, Ассамблея барлық майданда берік бекіністі ұстап отыр және еліміздегі бірлік пен келісімді сақтаудың алдыңғы шебінде тұр.

Әрине, қоғамда қордаланған мәселелер бар. Ассамблеядан сайланған 5 депутат бас қосып, бұл мәселелерді талқылап отырамыз. Кейде өңірлерге шығамыз. Алдағы шілде айында сессия аяқталғаннан кейін де аймақтарға іссапарға барамыз. Этно бірлестіктердің ұжымдарымен кездесіп, олардың проблемаларын талқыға саламыз. Жоғарыда айтқанымдай, Сенаттағы және Мәжілістегі ҚХА мүшелері осы бағыттағы жұмыстарды тізе қосып жалғастыра бермекпіз.

 

Геннадий ШИПОВСКИХ,

Сенат депутаты