«Серік Күдебаев ұсталып, Қазақстанға әкелінді ме?» деген журналистердің сұрағына бас прокурор «иә» деп қысқаша жауап берді.
Айта кетейік, Серік Күдебаев 2023 жылдың 3 сәуіріндегі сотқа келмеді. Осыған байланысты Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған еді.
Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарынан бері Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды. 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылған.