Президент • 27 Сәуір, 2023

Ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызы арта түсті - Мемлекет басшысы

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызы арта түсті - Мемлекет басшысы

«Қазір дүниежүзіндегі ахуал түбегейлі өзгеріп жатыр. Жаңа басымдықтар пайда болуда. Сырттан төнген сын-қатерлердің бетін қайтару аса өзекті мәселеге айналды. Мемлекеттер үшін егемендікті қорғаудың, ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызы арта түсті. Бұл ретте, этносаясат байыппен жүргізілуі керек. Яғни татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі», деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте ол этносаралық қатынас мәселесін заман талабына сай реттеу қажет екенін айтты.

«Сессия аясында кеше нақты мәселелерге арналған пікірталас өткенін білемін. Этносаясатта жаһандық және аймақтық үдерістер ескерілуге тиіс екені айтылды. Бұл – өте орынды ұсыныс. Яғни этносаралық қатынас мәселесін заман талабына сай реттеу қажет. Бұл жұмыс ауқымды реформалармен үндес болуға тиіс», деді Президент.