Пікір • 27 Сәуір, 2023

Тонның ішкі бауындай...

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда қуғын-сүргін жылдары депортацияланған корей этносының төртінші буыны өмір сүріп жатыр. Ата-бабаларымыз сонау 1937 жылы Қиыр Шығыстың шекаралық аймақтарынан жер аударылып келген.

Тонның ішкі бауындай...

Қазақтар өз жерінде корей­лерді жанашырлықпен қабыл­да­ды. Сол қиын жылдары кө­мек пен қолдау көрсетті. Ал корейлер қазақ халқының қонақ­жай­лы­лығын ұмытқан жоқ. Біз бә­рі­міз тонның ішкі ба­уын­дай бірге өмір сүріп келеміз және біз этностық тегімізге қа­ра­мас­тан біртұтас халықпыз.

Ел тәуелсіздігінің алғашқы жыл­дарында этносаралық сая­сатты құрудың оңтайлы формуласы іске асырылды. Ол – Қазақстан халқы Ассамблеясы шаңырағы астына біріктірілген ұлттық мәдени бірлестіктер бо­латын. Түптеп келгенде, бұл – еліміздің табысты дамуы­на негізделген «бірлігіміз  әр алуандықта» қағидатының көрінісі еді.

Кеңес одағы ыды­ра­­­ған­нан ке­йін пос­т­­ке­ңес­тік респуб­ли­­­ка­­лардың барлығы дерлік этно­саралық қатынас­тар­дың прог­ре­ссивті бағы­тын ұстанды және этнос­тар­дың, тілдер мен мәде­ниет­тер­дің тең­ді­гін өз конс­ти­ту­цияларында жа­риялады. Бірақ кейін көрге­ні­міздей, мұн­дай декларация­лар­ды іске асырудың тиімді тетіктері жа­сал­­­мады, сондықтан да эт­нос­­аралық қақтығыстар туын­дады. Қазақстан бұған жол бермеді, бізде тұрақтылық тетігі Қазақстан халқы Ассам­блеясы болды. Осының арқа­сында біздің еліміздегі этнос­аралық келі­сім саясаты шынымен де тиімді болып шықты.

 

Андрей ШИН,

Алматыдағы корей ұлттық орталығының төрағасы,

«Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті