Пікір • 27 Сәуір, 2023

Жастар да жаңашылдыққа үн қосады

147 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ассамблеяның екі күнге жалғасқан басқосуында көпті толғандырған өзекті мәселелер айтылды. Ұсыныстар да енгізіліп жатыр. Мәселен, мәдениет пен өнер, әдебиет және журналис­тика саласында екі жүлде тағайындалатын болды. Бұл этносаралық достықты нығайтуға әсер ететін әндердің, мақалалардың жарық көруіне септігін тигізеді.

Жастар да жаңашылдыққа үн қосады

Алқалы жиында Мемлекет басшысы ел тәуелсіздігі мен аумақ­тық тұтастық бәрінен қым­бат екенін тағы да еске салып өтті. «Ел бір­лі­гі осы мызғымас құнды­лық­тар­мен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Татулық пен ке­лі­сім тек мем­ле­кет­тік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет», деген Президент сөздері жалаң ұран емес, әр аза­мат­тың күнделікті ұстанымы болуы керек.

Қазақстан халқына ортақ ұлт­тық құндылықты қалып­тас­ты­ру үшін ортақ тіл қажет. Сон­дықтан Ассамблея мүшелері мем­лекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге атсалысып жатыр. Өйткені тілі бірдің – ділі бір. Осы бағытта Ассамблея жас­та­рының ойға алған жобалары бар.

Мәселен, біз дебат түрінде жарыс өткізуді ойластырып қой­дық. Жарыс толығымен қазақ тілінде өткізіледі. Қазір «Ассамблея жастары» РҚБ ұйым­дас­тыруымен тұңғыш қазақ тілі­нің аулалық «Үйде сөйле» жобасы енді. Оның мақсаты – қазақ тілін оқыту мен қолдануға, сон­дай-ақ, этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде да­мы­туға кең мүмкіндіктер жасау. Осы орай­да жастар үйден алыстамай қазақ тілін қызықты форматта қолданады. Енді бұл бастаманың аясын кеңейту қажет. Себебі еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтсақ, Шығыс Қазақстаннан, Қарағанды облысынан, Солтүстік Қазақстаннан толассыз өтініштер түсіп жатыр. Өңірлерден осындай клубтар желісін ашуды жүйелі түрде қолға алуымыз керек. Бұл мемлекеттік тілді кең және шынайы қолдануға ықпал етеді.

 

Ольга СПИРИНА,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі