Пікір • 27 Сәуір, 2023

Біртұтастық қағидаты

138 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясында айтылған ой-пікірлер, ұтымды ұсыныстар – біртұтас қазақ ұлты деген қағидатқа өтудің бастауы. Менің ойымша, осыдан кейін қоғамның ішінде жақсы, сапалы талқылаулар қажет. Сондай-ақ дүрліктірмей, дүрлікпей, рухты біріктіретін оның ішінде қазақ компонентін алдыңғы қатарға шығаратын құндылық қалыптастыруымыз керек.

Біртұтастық қағидаты

Ең басты идеяның бірі – қазақ ұлтының жаңа сапасы. Байқасаңыз, әлі күнге дейін қазақ мәселесі көтерілген кезде «қазақ деген құрып бара жатқан ұлт», «қазақ деген жо­йылайын деп жатқан ұлт» деген секілді өткен ғасырдың 60-70-жылдары, расымен ұлтқа қауіп төніп тұрған кездегі «ұрандар» басым. Біз енді бүкіл дерекке сәйкес, 70 пайыздан астық. Мысалы, осыдан 30 жыл бұрын қазақтың тең жартысы ана тілін білмесе, қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Қазір өзге этнос өкілдері де қазақ тілін белсенді меңгеріп жатыр. Ас­самб­лея соған мұрындық болуы керек. Бұл – осыған дейінгі секциялық отырыста көтерілген мәселе.

Қазақстанда екі этнос өкілі болса да, Ассамблея өзі­нің жұмысын тоқтатпайды. Құрылымның ең басты мақсаты – мемлекетті нығайту, ұлтты топтастыру, біртұтас қылу, бірізділік пен бірегейлікке алып келу және қарапайым тілмен айтқанда, өзге этнос өкілдеріне қазақ тілін үйрету, қазақ мәдениетін түсін­діру, түйсіндіру.

Алда-жалда егер екі өзге этнос арасында немесе екі топтың арасында кикілжің туын­дай қалса, ҚХА соған ең бірінші болып араласатын, азаматтарды бір­лікке, татулыққа шақыратын ұйым болып қалуы керек. Ортақ жұмысты істейтін, әри­не, мемлекеттік органдар, сая­­си партиялар, Парламент мү­ше­­лері және тағы басқалар. Алай­да Ас­сам­б­­леяның ішкі міндеті, жұмысы – өзге эт­нос­­тарды біртұтас идея айна­­ласы­на топтастыру, біріктіру.

 

Айдос САРЫМ,

Мәжіліс депутаты