Пікір • 27 Сәуір, 2023

Мемлекеттік тілдің саясы

563 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының басқосуы бұрынғыдан өзгеше өтті. Алғашқы пленарлық отырыста республиканың түкпір-түкпірінен келген делегаттар әртүрлі проблеманы ашық түрде, жан-жақты талқылады. Сондай-ақ ұсыныс, тілектерін де жеткізді. Сол жиында көптің көңілін күпті еткен мәселелер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында өз шешімін тапты.

Мемлекеттік тілдің саясы

Ең өзекті түйткілдің бірі – мемлекеттік тіл. Ұлыс өкілдері қазақ тілін білуі керек. Ол үшін тарихпен ізін жалғап келе жатқан қазақтың салт-дәстүрлерін, болмысын, танымын, ділін білу қажет. Бұл – бірліктің бастауы. Бүгінде елімізде 40 Достық үйі алаңы бар. Ол жерде мемлекеттік тілді үйрететін арнайы курс­тар ашылған. Этносаралық қарым-қатынасты нығайту үшін, тұрақтылықты сақтау үшін барлығымыз бір халық болып жұмылуымыз қажет.

Ассамблеяның ауқымды желісі қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Президент рефор­маларының жүзеге асыры­луына сеп болуға әлеует­ті. Себебі этномәдени бірлес­тік­тер жергілікті әлеуметтік жағ­­дай­ды жақсы біледі. Жыл са­йын Қазақстан халқы Ассам­б­лея­­сының сессиясында әр аумақ­­тан этномәдени бірлестік­тердің өкілдері, Ассамблеяның мүшелері жиналып, ой-пікірін ортаға салады. Біз ел арасын­дағы бірлігімізді нығайту, алға қойған мақсаттарға жету сынды мәселелерді талқылап, нақты бағытымызды айқындаймыз.

Біз өскелең ұрпаққа татулық пен бейбітшілікте өмір сүру қаншалықты маңызды еке­нін ұғындыруымыз керек. Себебі онсыз болашағымыз бұлың­ғыр болмақ. Иә, басқа да эко­номикалық мәселелер баршылық. Бірақ ең басты байлық – бірлік. Бірлік болмай, тірлік болмайды. Жүктелген міндет пен ойлаған жоспар көп. Президенттің маған білдірген сенімін ақтауға еліме, жеріме қызмет етуге дайынмын.

 

Акбаржон ИСМАИЛОВ,

Қазақстан халқы

Ассамблеясы төрағасының орынбасары