Қоғам • 28 Сәуір, 2023

Шығыс Қазақстанның екі қаласында «Сергек» камералары орнатылады

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының екі қаласында «Сергек» камералары пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанның екі қаласында «Сергек» камералары орнатылады

Бүгінде облыс бойынша тек Өскемен қаласында «Сергек» бейнебақылау жүйесі жұмыс істеп тұр.

Енді тағы екі шаһарда, атап айтқанда Алтай мен Риддерде осы жүйе іске қосылады.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев мәлім етті.

- «Сергек» бейнебақылау жүйесінің арқасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың саны айтарлықтай азайғаны байқалып отыр. Сондай-ақ жасалған қылмысты жедел ашу көрсеткіштері де жақсарған. Енді Алтайда – 154, Риддерде – 249 камера орнатылады, - деді ол.

Камералар көше қиылыстарында, адам көп жүретін қоғамдық орындарда орнатылады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35