Қоғам • 28 Сәуір, 2023

Қазақстандықтар шілдеде қатарынан төрт күн демалады

3052 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Үкіметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандықтар шілдеде қатарынан төрт күн демалады

«ҚР Үкіметі Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы Қаулы қабылдады. Қаулы бойынша жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды»,  делінген хабарламада.

Осылайша, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне орай 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады. Сенбі 1 шілде жұмыс күні болады.