Синоптиктердің мәліметінше, батыста, оңтүстік-батыста жаңбыр жауады. Маңғыстау облысында кей уақытта күндіз қатты жауын болады.
Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Алматы облысының таулы аймақтарында 1-6 градус аяз, Қостанайдың солтүстік-шығысында, Ұлытаудың солтүстігінде, таулы аймақтарында 1-6 градус аяз, Жетісу облыстарында 2 градус аяз болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні секундына солтүстік-шығыстан 8-13 метр, күндіз 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 12-14 градус, күндіз 24-26 градус жылы.