Президент • 02 Мамыр, 2023

ФИДЕ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық шахмат федерациясының басшысы Аркадий Дворкович құрмет көрсеткені үшін Президентке алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ФИДЕ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

«Біздің соңғы кездесуімізден бері 7 айға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында Сіздің жан-жақты қолдауыңызбен Қазақстанда бес әлем чемпионатын өткіздік. Шахмат спорты Қазақстанда қаншалықты танымал екеніне куәміз. Цифрлар таңғалдырады. Әрі ол келешекте арта түседі. Мен бұған сенімдімін. Өйткені мемлекеттік пен демеушілер тарапынан көрсетілетін қолдау әрқашан жақсы нәтиже береді», деді ФИДЕ президенті.

ж

Аркадий Дворковичтің айтуынша, әлем чемпионатының аясында көптеген қосымша жарыстар өтті. Атап айтқанда, Қазақстанның әйелдер құрамасының әлем құрамасына қарсы ойыны, балалар турнирлері, әлемнің жетекші шахматшыларының қатысуымен шеберлік сағаттары мен бірреттік ойын сеанстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ ол биыл жазда Қазақстанда алғаш рет мектептер арасында әлем чемпионатын өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Жарысқа кемінде 80 елдің өкілі қатысады.

Қытай гроссмейстрі Дин Лижэнь осы матчқа шақырту алғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

«Сізбен кездесу – біз үшін зор мәртебе. Осы турнирге қатысып, жеңіске жеткенім үшін қуаныштымын. Ойыннан керемет ләззат алдым», деді ол.

ж

Өз кезегінде гроссмейстер Ян Непомнящий Қазақстанда шахматқа қызығушылық жоғары екеніне назар аударды.

«Матч ұйымдастырушыларына, еліңізге алғыс айтамын. Сіздің еліңізде шахматқа деген қызығушылық ұдайы артып келе жатқанын көріп отырмын. Федерацияның жаңа басшылығымен дұрыс бағытта дамып жатырсыздар», деді ол.

ж