Пікір • 05 Мамыр, 2023

Визасыз режімнен ұтарымыз көп

219 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Визасыз режімнен ұтарымыз көп

2022 жылғы жаңа регламентке сай Үндістан, Иран және Қытай азаматтары Қазақстанға шекараны асқан кезден бастап 14 күнге іскерлік, жеке және туристік мақсаттарда визасыз кіре алатын болды. Бұл тек біржақты бағытта еді, яғни Қазақстан азаматтарына аталған елдерге бару үшін виза рәсімдеу талап етілетін. Енді Қытай елімен арада 30 күнге дейінгі екіжақты визасыз режім орнатылып, азаматтарымыз да Қытайға кіру үшін виза рәсімдейді. Бұл жерде айта кету керек, визасыз режім шеңберінде шетелдіктерге ел аумағында еңбекпен немесе төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады. Сонымен бірге монтаждау және жөндеу жұмыстарымен де айналысуға болмайды, ол үшін виза талап етіледі.

Экономикалық тұрғыдан екі ел ара­сындағы визасыз режім іскерлік орта­лардың өзара іс-әрекеттестік деңгейін көтеруге және шетел инвес­торлары үшін қолайлы жағдай қалып­тастыруға пай­далы. Ұлттық банк­тің дерегінше, 2023 жылдың 1 қаң­тарындағы жағдай бойынша Қазақ­станға тартылған шетел инвестициялары арасында Қытай Ни­дер­ланд, АҚШ және Швейцариядан кейінгі 4-орында (23,2 млрд доллар) тұр.

Енді синофобия туралы айтар болсақ, Қытай өзінің ұзақ ғасырлық тарихында шапқыншылық емес, жаудан қорғану үшін көп соғысқан. Мәселен, моңғол шапқыншылығын, ХХ ғасырдағы жапон қырғынын айтсақ жеткілікті. Қазіргі күні Қазақстан екі алып держава арасындағы тарихи-географиялық, геосаяси аренада орна­ласқан. Біз бұл жағдайды өзгерте алмаймыз, керісінше одан өзімізге пайдалы жақтарын іздеуіміз керек.

Қытай – бүгінде әлемнің екінші экономикасы. Қасымызда осындай дамыған елдің болуы біз үшін бір жағынан үлкен пайда. Елімізде көбірек Қытайды зерттеу орталықтарын ашып, зерттеулер жүргізіп, еліміздің мүдделерін қорғау шеңберінде тиімді шешімдер қабылдасақ, өзара визасыз режімнен келіп-кетер қауіп жоқ деп айта аламыз.

 

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ,

саясаттанушы