Қоғам • 05 Мамыр, 2023

Чемпион – металлургтер арасында

317 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Әлем және Азия чемпионы, ITTF Халықаралық федерациясының нұсқасындағы Hopes Wee континенттік және әлемдік турнирлерінің қорытындысы бойынша 2019 жылдың үздік жас теннисшісі болып танылған Алан Құрманғалиев пен үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Эльмира Әлиева «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургтері арасында өткізілген үстел теннисінен чемпионаттың құрметті қонақтары болды. 

Чемпион – металлургтер арасында

Әуелі Алан Құрманғалиев пен Эльмира Әлиева бірнеше сағат бойы металлургтер кейпіне еніп, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Конвертер цехында болды. Онда болатты химиялық талдауға және температурасын өлшеуге сынама алып көрді. 

Конвертер цехына экскурсиядан кейін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Владимир Яблонский қонақтармен кездесті. 
О

- Теннис – біздің қызметкерлеріміз ерекше ұнататын спорт түрі. Кәсіпорындарымыз бен цехтарымыздың алаңдарында үстел теннисін ойнауға арналған үстелдер орнатылған, - деді Владимир Иванович, - Біз өз ұжымымыздың спорттық бастамаларын әрдайым қолдап отырамыз. Теміртау спорттың талай түрі бойынша әйгілі спортшылармен және чемпиондармен танымал. 

Құрметті қонақтар экскурсиядан алған әсерлерін ортаға салып, мұндай ауқымды өндірісті бұған дейін көрмегендерін айтып, таңданыстарын жасырмады.

- Біз бүгін цехта болдық. Бұл бір ғажап екен! Біз күнделікті өмірде металмен, одан жасалған бұйымдармен байланыста болсақ та, ол жайлы  ойлай бермейміз. Ал біз бүгін оның қалай жасалатынын – көптонналық шөмішті, шойынның қалай құйылатынын өз көзімізбен көрдік, - деді Эльмира Әлиева, - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы спортты дамытуға қаншалықты қолдау көрсететінін де біліп, разы болдық. Өндірістік жұмыстан қолыңыз босамайтынына қарамастан, сіз уақыт тауып, спортқа көңіл бөліп жүрсіз. Бұл – еңбек ұжымыңызды бағалап, қызметкерлердің денсаулығына қамқорлықпен қарайтыныңыздың айғағы. 
О

- Мен осындай үлкен кәсіпорында алғаш рет болып тұрмын. Әрине, мен қазір мұндағы көп нәрсені түсіне қоймаймын. Бірақ уақыт өте келе, бәрін зерттеп білгім келеді. Өйткені, бәрі қызықты екен, өндіріс қандай ауқымды! - деді Алан Құрманғалиев. - Әртүрлі жабдықтар өте көп екен, бұл дегеніңіз – зор қуат қой! Солай бола тұра, мен тіпті цехтағы алаңда тұрғанымда да өзімді толық қауіпсіз сезіндім. 

Бас директор қонақтарға кәсіпорындардағы қауіпсіздік – компанияның басым бағыты екенін, оған өндірісті жаңғырту және қауіпсіз технологияларды енгізу арқылы қол жеткізілетінін айтты. 
Л

Владимир Яблонский мен атақты спортшылар комбинатқа сапардан белгі ретінде өздерінің қолтаңбаларын қалдырған теннис ракеткаларымен алмасты.

А

Компанияның Бас директоры қонақтарға естелік сыйлықтар мен медальдар табыс етті. Қалыптасқан дәстүр бойынша Алан Құрманғалиев пен Эльмира Әлиева компанияның Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды. 
О

Владимир Яблонскийдің үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерін жақында болған мерейтойымен құттықтауы Эльмира Әлиева үшін жағымды тосынсый болды.

Содан кейін меймандар биыл алғаш рет өткізіліп отырған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директорының кубогы үшін үстел теннисінен металлургтер чемпионатының салтанатты ашылуына қатысты. Тіпті чемпион мен Бас директор өзара шеберлік сынасып та көрді. 
А

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлері спортты жай ғана жақсы көрмейді – онымен бәрі дерлік айналысады. Металлургтер арасында чемпионаттар мен турнирлер өткізу игі дәстүрге айналған.