Бокс • 05 Мамыр, 2023

Айбек Оралбай италиялық боксшыдан жеңіліп қалды

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Айбек Оралбай (92 келі) италиялық Азиз Аббес Мухийдиннен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айбек Оралбай италиялық боксшыдан жеңіліп қалды

Қазақстан спортшысы 1/16 финалда италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен жұдырықтасты. Байрақты дода 4:0 есебімен аяқталды. Төрешілер шешімімен италиялық боксшы жеңіске жетті.

Айбек Оралбай жарыс жолынан шығып қалған үшінші боксшы. Бұған дейін турнирден Талғат Сырымбетов пен Санатәлі Төлтаев сүрінген еді.

Сондай-ақ бүгін Серік Теміржанов және Нұрбек Оралбай жекпе-жек өткізді. Серік Теміржанов Мали боксшысы Абудул-Карим Батилиді 5:0 есебімен жеңді. Ал Нұрбек Оралбай әзербайжандық Мурад Аллахвердиевтен басым түсті.