Әскер • 06 Мамыр, 2023

Абыройлы міндет

238 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жетісу облысында әскери міндеттілердің саны шамамен 27 мың адам. Оның 9 мыңы әскерге шақырылса, 18 мыңы түрлі себеппен борышын өтеуден бас тартқан. Ал биыл жыл басынан бері жалпы өңірден 165 азамат мерзімді әскери қызметке кіріскен. Қазір жас жауынгерлер дайындық үстінде.

Абыройлы міндет

Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті мөлшерде әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар мерзімді әскери борышын өтеуге міндетті. Осы орайда өңірлік қорғаныс істері жөніндегі депар­тамент мерзімді әскери қыз­метке 200-ге жуық сарбаз­ды шақырған. Мұны бізге облыс­тық Қорғаныс істері жөнін­дегі департаменті персоналмен жұ­мыс істеу жөніндегі қыз­меті­нің басшысы Мақсат Бейісов айтып берді. Одан бөлек мерзімді және келі­сімшарт бойынша әскери қыз­метке, сондай-ақ запастағы офи­­церлерге шақыру қалай жүр­гі­зіліп жатқанын да баяндады.

«Мемлекеттік күзет қызметі бөлім­шелерінің штаттық кестесі сәуір айының соңына жос­пар­лан­ған. Қазіргі уақытта осы жыл­дың 20 мамырын қоса алғанда қабыл­дау жүргізіліп жатыр. Қала бойынша 791 адам бар», дейді М.Бейісов.

Оның айтуынша, мемлекеттік күзет қызметі бөлімшелерінің штаттық кестесі сәуір айының соңына жоспарланып отыр. Қа­зіргі уақытта жинақтау осы жыл­дың 20 мамырына дейін жүр­гізі­леді. Жетісу облысындағы 8 қалалық және аудандық қор­ға­­ныс істері жөніндегі басқар­маларда жоспарлы түрде әскерге қабылдау үзіліссіз өтіп жатыр. Биыл көктемде әскерге шақыры­латындар саны 791 адам екен.

«Кейбір мәселелер әскерге шақыру жұмыстарының сапасына айтарлықтай әсер етеді. Мәселен, азаматтардың әскери қызметтен жалтаруы немесе бас тартуы, сондай-ақ әскери жастағы азаматтардың ішкі кө­ші-қоны. Азаматтарды әскери қызметке шақыру нәтижелері тек жергілікті әскери басқару органдарының ғана емес, жер­гілікті атқа­рушы, денсаулық сақтау және білім беру, құқық қорғау орган­дарының қатысу дәрежесіне, олардың әскери міндет пен әскери қызмет туралы заңнама талаптарын орындауына байланысты», дейді Талдықорған қаласы ҚІЖ басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімшесінің сержанты, құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімше бастығы Нұрсұлу Мұсабаева.

Көктемгі әскерге шақыру нау­қанының ерекшелігі – жас буынмен жасақтау аумақтық қағидаты бойынша өткізіледі. Сон­дай-ақ екінші деңгейлі банк­тер тарапынан мерзімді әскери қызметті өтеу кезінде қарыздар мен несие­лерді кейінге қалдыру, несиелік каникулдар алу үшін мерзімді әскери қызметке ша­қы­рыл­ғандардың өтініштері қабыл­данады.

Шақырылушы несиелік мін­деттерін туыстарына артпай, Отан алдындағы парызын өтей береді. Мерзімді әскери қызметін атқарғандар ҰБТ нәтижесі еске­ріл­мей, ақылы түрде жоғары оқу орындарына түсе алады. Ал қыз­мет барысында жақсы нәтиже көрсет­кен әскери қызметшілер емти­хансыз және ҰБТ-сыз уни­вер­ситет грантына түсуге мүм­кіндік алады. Сондай-ақ мерзімді әскери қызметін өтеген барлық әскери қызметшілерге ЖОО-ның әскери кафедрасына емтихансыз грант негізінде түсу құқығы ұсынылады.

Тағы бір атап өтетіні, әскери қызметке жарамды, жиырма тоғыз жасқа дейінгі запастағы офицерлер мен отыз екі жасқа дейінгі медициналық қызметтің запастағы офицерлері уәкілеттi органдардың өтiнiмдерi бойынша Үкiмет қаулысы негiзінде бейбiт уақытта офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызметті өтеу үшін әскерге шақырылады.

 

Жетісу облысы