Қоғам • 10 Мамыр, 2023

Атырауда әлеуметтік нан қымбаттады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау супермаркеттерінің арнайы бөлімдерінде әлеуметтік нан бағасы бірден 10 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда әлеуметтік нан қымбаттады

Атырау супермаркеттерінің «Тұрақтандыру қоры өнімдері» бөлімдерінде нан бағасы көтерілді. Бұрын ол 81 теңге  болса, қазір бір бөлке 91 теңгеге сатылады.

«Атырау» ӘКК баспасөз қызметі әлеуметтік нан бағасының күрт өсуіне қатысты бірқатар түсініктеме берді. Біріншіден, «Желаев» ЖШС ұн тартатын зауыты бірінші сұрыпты ұнның бағасын (1 келісі үшін) 155 теңгеден 165 теңгеге дейін, ал ұн жеткізуші «КАРАТ» ЖШС 145 теңгеден 155 теңгеге дейін көтергені себеп екені айтылды. Наубайханалар бірінші сұрыпты ұнның қымбаттауына, электр энергиясының, коммуналдық қызметтер бағасының, жанар-жағармайдың қымбаттауына және жұмысшылардың жалақысы өсуіне байланысты нан бағасын көтерген. Қазір бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан 83 теңгеден жеткізілуде. ӘКК баспасөз қызметі бағаның өсуіне қарамастан, облыстық тұрақтандыру қоры бөлімдерінде нан бағасы әлі де болса басқа дүкендердегі орташа бағадан төмен екенін атап өтті. Мұндағы айырмашылық бір бөлке нан үшін 30 теңгеге жетеді.

Қазақстанда азық-түлік бағасының тұрақсыздығы байқалып отыр. Кейбір аймақтарда азық-түлік бағасы қымбаттаса, кейбір жерлерде керісінше арзандап жатыр.

 

Аружан НАҒАШЫБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті