Теннис • 11 Мамыр, 2023

Александр Бублик Мастерс турнирін жеңіспен бастады

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннисшісі Александр Бублик Мастерс турниріндегі жарысын бастап, сәтті өнер көрсетті деп хабарлайды Egemen.kz

Александр Бублик Мастерс турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Римде өткен Masters 1000 – Internazionali BNL d'Italia турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Бірінші айналымда ол әлемдік рейтингте 142-орында тұрған испаниялық Педро Мартинеспен кортқа шықты. Қазақстан спортшысы қарсыласын жеңіп, кездесуді 6:3, 7:6 есебімен аяқтады.

Екінші айналымда әлемдік рейтингте 49-орында тұрған Александр Бублик америкалық Бен Шелтонмен кездеседі.