Бокс • 12 Мамыр, 2023

Нұрбек Оралбай Ресей боксшысын жеңіп, финалға өтті

1195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында еліміздің спортшысы Нұрбек Оралбай Ресей боксшысын жеңіп, финалға өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрбек Оралбай Ресей боксшысын жеңіп, финалға өтті

Жартылай финалда 80 келі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай ресейлік Имам Хатаевпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының финалына шығып, онда алтын жүлде үшін жекпе-жек өткізеді, ал Имам Хатаев жарыстың қола жүлдегері атанды.

Айта кетсек, Нұрбек Оралбай - 2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Жартылай финалда еліміздің намысын қорғаған бес боксшымыз да Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды. 

Финалдық жекпе-жектер 13-14 мамырда өтеді.