Қоғам • 13 Мамыр, 2023

Абылай Мырзахметовке қатысты жаңа шешім шықты

867 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының экс-төрағасы А.И.Мырзахметов 10 мамырда қамауға алынған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абылай Мырзахметовке қатысты жаңа шешім шықты

Абылай Мырзахметовке пара алды деген айып тағылып отыр.

Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіні екі айға қамау туралы шешім шығарды.

Бұл туралы сот баспасөзі хабарлады.

«Сот Абылай Мырзахметовке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», делінген хабарламада.