Ауа райы • 15 Мамыр, 2023

15 мамырға арналған ауа райы болжамы

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты,  деп хабарлайды  Egemen.kz.

15 мамырға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Күндіз елдің оңтүстік-батысында найзағай ойнап, нөсер жауын, бұршақ күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста тұман түседі. Күндіз оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі.

Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1-3 градус үсік, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, Жетісу және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.