Қайрат Әлиханұлы 1972 жылы 16 мамырда Алматы облысының Талғар ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы облысы Талғар ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары бірқатар жауапты басшылық лауазымда қызмет еткен. Оның ішінде Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары, Жамбыл аудынының, Талдықорған қаласының прокуроры, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Тағайындалғанға дейін Павлодар облысының прокуроры лауазымында болды. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасын басқарған Бағбан Таймбетов қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты лауазымынан босатылды.