«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.
Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында бұршақ жаууы ықтимал.
Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында солтүстік-батыс антициклонының екпіні әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте тұман, солтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.
Таңертең және күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында, солтүстік-батыста, оңтүстікте, Маңғыстау облысының орталығында, Қызылорда облысының орталығында қатты жаңбыр жауады.
Қызылорда, Түркістан облыстарының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде сондай-ақ Ұлытау, Алматы облыстарының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +21+23°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні 0-5 м/с болады. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +29+31°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +19+21°С.