«Санжар Тәшкенбай басқа оқу орнына ауысу мақсатында өз өтініші бойынша университеттен шығарылған. Университет талантты студенттер мен түлектерді қолдайды. Санжардың өзі оқуын Еуразия ұлттық университетінде жалғастырғысы келсе, белгіленген ережелерге сәйкес қабылдауға дайынбыз», деп түсіндірді университет өкілдері.
Еске салайық, журналист Ғалым Қожабек өзінің Facebook-парақшасында Санжар Тәшкенбаймен ұшақта кездесіп қалғанын айтқан еді.
Бұған дейін спортшы оқып жүрген ЖОО-дан шығарылғанын хабарлаған едік.