Көрсеткіштің жақсаруына «Қазақтелеком» компаниялар тобының мүшесі Tele2/Altel операторлары үлкен үлес қосты. Үш жыл бойы ол өзінің көшбасшылығын сақтап келеді және Ookla (Speedtest қосымшасын жасаушылар) мобильді интернет жылдамдығы бойынша үздік деп таныды.
Бүгінде Қазақстандағы әрбір смартфон иесі күніне кемінде 5 сағатын интернетте өткізеді. Абоненттердің мұндай белсенділігі тұрақты түрде базалық станцияларды жаңартуға және олардың жабдықтарында жұмыс істеуге қаражат бөлетін ұялы байланыс операторларының желілеріне жүктеменің ұлғаюына әкеп соғады. Инфрақұрылымға салынған инвестиция арқылы Tele2/Altel рекордтық желі өткізу қабілетіне қол жеткізді.
«Телеком – капиталды инвестиция бойынша өте қарқынды сала. Мұнда түскен пайдадан жаңа жобалар мен қызметтерді іске қосуға, жаңа буын технологияларды енгізуге және жоғары сапалы коммуникацияларды тұрақты қамтамасыз етуге үнемі қайта инвестициялау қажет», деді Tele2/Altel бас директоры Сергей Коньков.
Қазақстан азаматтарын 5G технологиясымен қамтамасыз ету үшін жаңа станцияларды салу, сондай-ақ абоненттерге 4G/LTE форматында қоңырау шалуға және бір уақытта жылдамдықты жоғалтпай интернетті пайдалануға мүмкіндік беретін VoLTE (Voice over LTE) жүйесін енгізу сияқты бастамалар да инвестицияны қажет етеді.
CEO Tele2/Altel бас директорының айтуынша, табыстың 15-20%-ы жыл сайын салыстырмалы түрде тек инфрақұрылымға жұмсалады. Бұл ретте оператор қызметтердің төмен құнын сақтайды және бір жағынан пайданы нарық мүмкіндіктерімен шектейді, ал екінші жағынан оны инвестициялардың тиімділігін арттыруға мәжбүр етеді. Сонымен қатар, компания «250+» бағдарламасы бойынша беріліс желісін өзгерту арқылы ауылдарда байланыс сапасын арттырып, жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр. Қазір Tele2/Altel басқа операторлар арасында мобильді интернет жылдамдығы бойынша көшбасшылықты сақтауға, 4G (LTE) технологиясын дамытуды көздеп, 5G енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Аружан НАҒАШЫБАЙ,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті