«Электронды сауда саласында өзара алыс-берісті арттыру үшін қосымша мүмкіндік бар. Бұл бағытта Қытайдың көш бастап тұрғаны сөзсіз. Онлайн сауданы дамыту аса маңызды. Бұған жаппай шектеулер кезінде көзіміз анық жетті», деді Президент.
Осы ретте ол Қытайдың «Alibaba Group», «JD COM» сияқты интернет алпауыттарының тәжірибесі мен әлеуетін атап өтті.
«Орталық Азия елдерінің нарықтағы бәсекеде өз артықшылықтары бар. Осы орайда, Қазақстан Қытайдың ірі электронды сауда алаңдарын кеңінен пайдалануды ұсынады. Бұл қадам өнімдерімізді нарыққа бірлесе шығару үшін аса маңызды. Кеше JD COM платформасында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды», деді Мемлекет басшысы.