«Басты мақсат – пациенттерге препараттарды жеткізу жүйесін цифрландыру, дәрілік заттардың дербестендірілген есебін жүргізу. Мұнда берілетін дәрі-дәрмектердің саны автоматты түрде бақыланады. Бұл бөлімшенің бірегейлілігі: медициналық дәрі-дәрмектерге жұмсалатын шығыстарды үнемдеу. Сонымен қатар дұрыс емес тағайындаулар мен емдеу қаупі азаяды. Алдын ала есептеулер бойынша жоба жылына 400 млн теңгеге дейін бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді», деп атап өтті елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.
Госпиталдық фармация бөлімшесінің жобасы бүкіл әлемде қолданылады және халықаралық талаптарға сай. Қазір қала бойынша 9 стационар жұмыс істейді, алдағы уақытта бұл жүйені барлық көпбейінді ауруханаларға енгізу жоспарланған.