ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірге «Достық» автокөліктік өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында жүк көліктеріне тиелген ілеспе құжаттары жоқ ірі көлемдегі электронды темекіні кіргізуге әрекеттенген үш Қазақстан азаматын ұстады.
Аталған адамдар мен олардың жүктері Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық бөлімшесіне жеткізілді.