Спорт • 23 Мамыр, 2023

Александр Бублик Женевадағы турнирден шығып қалды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Женевадағы турнирдің алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Бублик Женевадағы турнирден шығып қалды

Александр Бублик өзінің алғашқы және соңғы кездесуін америкалық Маркос Жиронмен өткізді. Горон ATP рейтингінде 74-орында, Бублик 48-орында тұр.

Корттағы кездесуде Александр Бублик америкалық теннисшіден екі сетте жеңілді. Ойын 0:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Қазақстан спортшысы осы ойыннан кейін турнирден шығып қалды.