Ауа райы • 23 Мамыр, 2023

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейеді, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

«Павлодар облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады», делінген хабарламада.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +23+25°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +21+23°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +27+29°С.