Спорт • 23 Мамыр, 2023

«Атырау» үмітті ақтамады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бахрейннің астанасы – Манамада волейболдан ерлер арасындағы Азияның клуб­тық чемпионаты өз мәресіне жетті.

«Атырау»  үмітті ақтамады

Аталған жарыста «Атырау» клубы бақ сынады. Өкінішке қарай, жер­лестеріміз тым сүреңсіз өнер көрсетіп, өз жан­күйерлерін жерге қаратты. Біздің жігіттер D тобында ойнады. Үш ойын­ның екеуінде ұтыл­ған олар үшін­ші орынға табан тіреді. Одан кейін плей-оффқа жолдама ала алмаған сегіз команда өзара күш сынасты. Бұл тартыста «Атыраудың» жолы болып, барлық бәсекеде басымдық танытты. Соңғы кездесуінде Ба­хрейннің «Әл-Ахлиіне» 2:3 есебімен есе жі­берген Юрий Мельничуктің шәкірттері қо­рытынды есепте 10-орынды қанағат тұтты.

Бахрейндегі жарыстың бас жүлдесі Жапонияның «Сантори Санбердс» клубына бұйырды. Күншығыс елінің өкілдері финалда Индонезияның «Джакарта Бяндкарасынан» 3:1 есебімен басым түсті. Ал қола медальді Қатардың «Полис клубы» иеленді.