Тағайындау • 24 Мамыр, 2023

Бейбіт Шаханов Алматы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Бейбіт Шаханов Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейбіт Шаханов Алматы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Бейбіт Шаханов 1979 жылы дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, Қазақ мемлекеттік заң университетін және Қазақ коммерциялық-қаржы академиясын бітірген. Сондай-ақ Ұлыбританиядағы Ланкастер университетінде оқыған.

Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылау департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

Осы жылдары Қаржы министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтерді атқарған.

2015-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитетінде, Инвестициялар және даму министрлігінде, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жұмыс істеген.

2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарды.