Білім • 29 Мамыр, 2023

Қазақстандық оқушылар әлемдегі үздік жас физиктердің қатарына енді

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зияткерлік мектептердің екі оқушысы әлемдегі үздік жас физиктердің қатарына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық оқушылар әлемдегі үздік жас физиктердің қатарына енді

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Ерсұлтан Пітебай Asian Physics Olympiad-тың (APhO) жеңімпазы атанып, алтын медаль алды. Ол былтыр Үндістанда өткен сайыста қола медаль алған болатын. 

.

Ал Ақтөбедегі Зияткерлік мектеп оқушысы Әлішер Еркебаев Азия олимпиадасының қола жүлдесін екінші мәрте еншіледі. 

.

APhO – Азия-Тынық мұхиты елдері оқушылары арасында 2000 жылдан бері өткізіліп келе жатқан беделді білім бәйгесі. Биылғы олимпиада Монғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында өтті.