Қоғам • 29 Мамыр, 2023

Астанада тағы бір көше уақытша жабылды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәскеу көшесінде орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы тоқтағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада тағы бір көше уақытша жабылды

Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатыр.

Орташа жөндеу жұмысы Мәскеу көшесінде Тілендиев даңғылынан Бекетай көшесіне дейінгі аралықта жүргізіледі.

Осыған байланысты 28 мамырдан 4 маусымға дейін жоғарыда аталған учаскеде көлік құралдары үшін қозғалыс тоқтатылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», деп ескертті қала әкімдігі.