Әлем • 29 Мамыр, 2023

Италияда туристік қайық суға батып кетті

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның солтүстігінде 20-дан астам жолаушысы бар туристік қайық суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Италияда туристік қайық суға батып кетті

Қайықта 25 адам болған. Сесто Календе мен Арона қалаларының арасында соққан қатты желдің салдарынан қайық суға батып, борттағы барлық адам суға батып кеткен.

Полицейлердің айтуынша, кемінде екі адам қайтыс болып, тағы екі адам хабар-ошарсыз кеткен. Қазір оларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздеу жұмыстарына тікұшақтар мен санитарлық авиация қызметкерлері жұмылдырылған.

Еске сала кетсек, осы жылдың басында Италияның оңтүстігіндегі жағалауда мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, 58 адам көз жұмған еді.