Жақында Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға Одақтық мемлекетке қосылуды ұсынған еді.
«Мен оның әзіліне жоғары баға бердім. Басқа интеграциялық бірлестіктер, бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақ бар болғандықтан, мұның қажеті жоқ деп ойлаймын. Ядролық қаруға келетін болсақ, оның бізге керегі жоқ, өйткені біз Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша өз міндеттемелерімізге берік боламыз», деді Мемлекет басшысы.