1977 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін Экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. ЕҰУ Дипломатиялық академиясын (2005), Бостон университетін (АҚШ) тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
2001–2004 жылдар аралығында Астана қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, «Астана – жаңа қала» ЕЭА бөлімінің басшысы, елорданың сауда басқармасы басшысының орынбасары, Астананың тұрғын үй департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2004–2006 жылдар аралығында – Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары;
2006 жылы Қарағанды облысы бір реттік талондарды беру басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды;
2007 жылы – Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары;
2008 жылы – Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімі;
2009–2010 жылдар аралығында – Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы;
2010–2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды;
2012 жылы Қазақстан Республикасы Мәжілісі аппаратының басшысы болды;
2012–2014 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
2014–2017 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау вице-министрі;
2017 жылдан 2018 жылға дейін – Астана қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы;
2018 жылдан 2019 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекетік инспекторы;
2019-2020 жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі;
2020 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.