Білім • 01 Маусым, 2023

Оқу-ағарту министрі мектепте неге «екілік» алғанын айтып берді

1298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінде өткен салтанатты жиынға қатысты. Іс-шара барысында БАҚ өкілдерімен сұхбаттасқан министр өзі оқушы болған кезін еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрі мектепте неге «екілік» алғанын айтып берді

Министрдің айтуынша, ата-анасының көңілінен шығу үшін ол үнемі мінсіз оқуға тырысқан. Ал анасы жақсы баға алған баласын еркелетіп, дәмді тағамдардар пісіріп беретін.

«Менің ата-анам, әсіресе анам менің бағаларымды қадағалап отыратын. Мен жақсы баға алған сайын анам тәтті мен тоқаш пісіретін», деді Ғани Бейсембаев.

Министр үнемі төрт пен беске оқығанын айтты. Бірақ бір рет «екілік» алғанын жасырмады.

«Мен 11-сыныпта «Бастапқы әскери дайындық» пәніне қатыса алмадым. Арнайы формам болған жоқ. Сол себепті «екілік» алғанмын», деді Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, ол өзінің мектептен түлеп ұшқан сәтін есінде жақсы сақтаған. Бірақ сол жылдары түлектер үшін бітіру кеші ұйымдастырылмаған.

«Менің мектеп бітіргеніме 30 жылдан асып кетті. Біздің уақытта ешқандай мерекелік шаралар болған жоқ. Бірақ мұғалім атанған сәттен бастап балалармен бірге қуанатынмын», деді министр.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, соңғы қоңыраудың 1 маусымға ауыстырылуы мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарының көңіл-күйіне әсер еткен жоқ.