Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматы ауданы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аумағындағы көпір маңында 2 жасөспірім суға батып кеткен. Олар тыйым салынған аумақта шомылған.
«Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде 3 бозбаланы ағыс алып кеткені белгілі болды. Біреуі өз күшімен жағаға шыққан. Ал 16 жастағы екі жасөспірім жүзу білмеген. Сүңгуірлер сағат 16:30-да жағадан 100 метр, тереңдігі 3,5 метр болатын жерден жасөспірімдердің мәйітін шығарды», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.